Аудандағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мән беріліп келеді. Бұл жөнінде аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы мақсатта аудандық бюджеттен 2,1 млн теңге қаржы қаралып, қаланың қауіпті жол тораптарына 90 дана жол белгілері орнатылды. Сонымен қатар, Сексеуіл кентіне аудандық бюджетен 8 дана бағдаршам орнатуға 5,1 млн және мүгедектерге арналған синхронды дыбыстық қондырғылар мен жол белгілерін орнату үшін 1,9 млн теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді.