Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Кәсіпкер бетон шығару ісін жолға қойды

Қызылорда облысында мемлекеттік бағдарламаның аясында Дәулет Асанұлы Тапалов басқаратын «Louis Beton KZ» ЖШС қолдау алды.
Бетон зауыты – бетон құю үшін құм, қиыршық қоспалар, ұшпа күл, шлак және цемент сияқты әртүрлі компоненттерді біріктіретін кешен. Қызметтің бұл түрімен Қызылорда қаласында 2020 жылдың қаңтарында құрылған «Louis Beton KZ» ЖШС айналысады. Компания директоры Дәулет Асанұлы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша «Даму» Қорының мемлекеттік қолдауына ие болып, бизнесін кеңейтті. Осы бағдарламаның арқасында ол несиені жылына 6% пайыздық мөлшерлемемен төлейді.
Қазіргі уақытта компания барлық түрдегі темір-бетон бұйымдарын, стандартты емес көлемдегі жабын плиталарын, жол және тротуар жиектерін, барлық маркалы тауарлық бетонды дайындайды, сондай-ақ барлық фракциялардың Жаңақорған қиыршық тастарын және түрлі маркалы МӨҚ цементін сатады. Кәсіпорынның өз қызметінің барлық салаларында айтарлықтай өндірістік тәжірибесі бар өзінің жоғары білікті басқару, инженерлік персоналы және жұмысшы кадрлары бар.
Дәулет Асанұлының айтуынша, бетон сияқты құрылыс материалдары әрдайым сұранысқа ие болады, егер өнімнің жоғары сапасы мен кәсіпорынның тұрақты жұмысына қол жеткізілсе, клиенттер қатары тек көбейе түседі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: