Қызылорда қалалық білім бөліміне қарасты № 8 П.Д. Осипенко атындағы орта мектепте «Абай-Шәкәрім-Мұхтар мұрасы» атты қала мектеп оқушылары мен мұғалімдері арасында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің басты мақсаты- ұлттық руханият жарық жұлдыздарының өнегелі өмірімен таныстыру, маржан сөзбен өрнектелген шығармаларына шолу жасау, өскелең ұрпақ жүрегіне өлеңдері мен әндерін ұялату. Шараға қала мектеп мұғалімдері және түрлі сала қызметкерлері. Абайтанушы, Шәкәрімтанушы ғалым, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты Қадыров Айбар Қабікенұлы. Республикалық «Абай» журналының Бас редакторы, Абайтанушы ақын, бірнеше кітаптың авторы, Қазақстан Жазушылары Одағының мүшесі және Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері Қ.Р-ның Қоғамдық келісім және Ақпарат саласының үздігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алтынсарин атындағы төс белгісінің иегері, Абай ауданының Құрметті азаматы Оспанов Мұратбек Қабиденұлы. Шәкәрімтанушы, Техника және философия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан жазушылары одағының мүшесі, Республикалық «Абай» журналының жауапты қызметкері . Қазақстан Республикасы Қоғамдық келісім және Ақпарат министрлігінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігіне қарасты ғылыми – зерттеу және талдау Орталығының жетекші маманы. Абайтану, дінтануға қатысты жүзге тарта публицистикалық еңбектерінің авторы Омаров Асан Қайырбекұлы. Қалалық білім бөлімінің әдіскері Мұқашова Рита қатысты. Шара барысында мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Жармаханова қонақтарды жылы лебізбен қарсы алып, орындарына жайғастыра отырып, таныстырылды. Қонақтар өз кезегімен сөз алып, оқушылардың арнайы дайындаған шағын өнерлерін тамашалады. Сондай-ақ, оқушылар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті.