Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ОБЛЫСТЫҚ СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

 

17 қазан күні актив отырысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев әріптестеріне Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысын таныстырды. Бұл қызметке Мұрат Тілеумбетов тағайындалды.
Мұрат Жолкелдіұлы 1963 жылы дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы «Қызылордақұрылыс» тресінің жұмысшысы ретінде бастаған. 1985-2010 жылдар аралығында облыстағы құрылыс мекемелерінде басшылық қызметтер атқарды. 2010-2013 жылдары «Оңтүстік» мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Қызылорда облысы бойынша өңіраралық филиалының басшысы болды. 2013-2014 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 
2014 жылдың желтоқсан айынан бастап Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: