Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Облыс әкімі белгілі қобызшы Әлқуат Қазақбаевпен кездесті

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәдениет саласының көрнекті өкілі, қобызшы, әртіс-инструменталист, оқытушы Әлқуат Қазақбаевпен кездесті. 


Басқосуда Қорқыттың шығармаларын насихаттау және өңірімізде өнер саласын дамыту мәселелерін талқылады.
Аймақ басшысы Сыр елінде рухани байлық жәдігерлерінің әрқашан орны бөлек екенін атап өтті. Сондай-ақ, өңірде рухани құндылықтарды қастерлеу бағытындағы озық туындыларды насихаттау ортақ парыз екенін тілге тиек етті. 
Ал, қобызшы Әлқуат Қазақбаев өзінің зерттеу жұмыстарын таныстырып, шығармашылық жоспарларымен бөлісті.
«Қорқыт бабаның мұрасын мектеп жасымнан бері зерттеп келем, өйткені мұрасы шексіз, оны әлі талай зерттеп, зерделеу қажет. Жалпы, қазақ музыкасының түбірі – осы Қорқыттың күйлерінен бастау алады», - деді Әлқуат Дотаұлы.
Қобызшы облыс әкіміне өзінің «Қорқыт ата аңыздары мен күйлері» кітабының қазақ және түрік тілдерінде жазылған нұсқалары мен жақында жарық көретін «Қорқыт ата мұрасы» кітабының қолжазбасын сыйға тартты.
Кездесу соңында аймақ басшысы өңірімізде музыкалық өнер саласын дамыту бойынша бірлесіп жұмыс жасауға ниет білдірді. 
Анықтама ретінде: Әлқуат Қазақбаев 1972 жылы Жамбыл облысында туған. Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық ұлт аспаптар оркестрінің әртісі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қобызшылар квартетінің және Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік филармониясының «Тілеп» қобызшылар квартетінің көркемдік жетекшісі. ҚР Президенті сыйлығының лауреаты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: