Балабақшаның күзетшісі терезеден секірген баланы ұстап алды
Қытайдың Шаньдун провинциясында балабақша күзетшісі үшінші қабаттан секіріп кеткен баланы ұстап алды деп жазады 365info.kz.
Бала кездейсоқ дәретханаға қамалып, есікті аша алмады. Тәрбиешілердің тыныштандыруға тырысып айтқан ескертулеріне қарамастан, ол терезеден шығып, төмен секірді. Соңғы сәтте күзетші оны қолымен қағып ұстап алды.
Бала дереу ауруханаға жеткізілді. Оның маңдай сүйегінде бірнеше жарықтар бар деп хабарланған. Баланы бес күннен кейін үйге шығарады.