Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында онлайн режимінде «скайп» бағдарламасы арқылы сот процесі өткізілді.
Аталған сот процесіне Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қ.Бержанов, сот отырысының хатшысы Е.Ардабаева, мемлекеттік айыптаушы прокурор С.Төлеген, сотталушының адвокаты Б.Алдонгаров, сотталушы Р. және тағы басқа тұлғалар қатысты.
Жалпы сот процесі Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің нормаларына сай өткізілді. Процеске қатысушылар бірін-бірі көруге, естуге толық мүмкіндік алды, процессуалдық құқықтары мен міндеттерін еш кедергісіз жүзеге асыра алды.
Аталған қылмыстық іс бойынша үкім 2016 жылдың 24 қарашасында жарияланды.