Депутаттар кәсіпкерлікті дамыту мәселесімен талқылады
Бүгін «Бизнеске арналған Үкімет» кеңсесінде Қызылорда облыстық мәслихатының «Кәсіпкерлікті дамыту, жастар ісі және құқықтық мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының кеңейтілген көшпелі отырысы өтті.
Көшпелі отырыс Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығындағы «Бизнеске арналған Үкімет» кеңсесінің жұмысымен танысудан басталды.
Бұдан кейін, облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаев төрағалығымен комиссия отырысы жалғасты.
Комиссия отырысына облыстық мәслихат депутаттары мен атқарушы органның құрылымдық бөлімшелерінің және бірқатар қаржылық ұйымның басшылары қатысты.
Отырыста Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Ф.Ә. Қожабергенов, «Атамекен» Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ғ. Жақсылықов және өзге де азаматтар хабарлама жасап, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға егжей-тегжейлі жауап берді.
Отырыс соңында Қызылорда облыстық мәслихаты мен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту мақсатындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.