Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР 2015 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР 2015 ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫБүгін Қазалы ауданында 2015 жылды қорытындылауға арналған салтанатты жиын өтті. Жиында аудан әкімі Нажмадин Шамұратов Қой жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады. 
«Жасампаз болашаққа нық қадам басқан қазақстандықтар қатарында қасиеттi Қазалы өңiрiнiң еңбексүйгiш, ұйымшыл, қонақжай халқы да бар. Ауылшаруашылығында, кәсіпкерлікте, әлеуметтік салада мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру және экономикалық потенциалды нығайту үшін біз күрделі мәселелердің шешу жолдарын бірге іздедік және тауып отырдық. Бұл – біздің айтулы бірлескен еңбек жеңісіміз» - деген аудан басшысы ортақ істе әр қазалылықтың өз үлестерін қосқандығын ерекше атап өтті. 
Салтанатты кеште жылдың нәтижелі болуына үлес қосқан «Жыл адамдары» түрлі номинация бойынша марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: