Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ЖОЛЫ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР ЖОЛЫ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫБүгін «Тең мүмкіндіктер жолы» республикалық акциясы басталды. Акция Қызылорда облысында да өз жалғасын табатын болады. 
1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 3 желтоқсанды Халықаралық мүгедектер күні деп жариялап, бүкіл мемлекеттерді және халықаралық ұйымдарды осы күнді өткізу барысында ынтымақтасуға шақырған болатын. Қазіргі уақытта 650 милионнан астам адам немесе әлем халқының 10% мүгедектіктің әртүрлі нысанына ие.
Акцияның мақсаты мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыруға жұртшылықтың назарын аудару, жол жүрісіне қатысушылардың әдепті қарым-қатынас жасау қажеттілігі және оларды жолда тең мүмкіндікпен қамтамасыз ету мен қоғамдық қолдау көрсету болып табылады.  Аталмыш акция желтоқсан айының 4-не дейін жалғасатын болады. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: