Көктем мезгілі құрылыстың нағыз қызған шағы. Осы уақытта заңсыз сырттан келіп құрылыс жасаушылар саны да күн санап артады. Осындай заңсыз құрылыс жұмысына келгендердің бірі Өзбекстан Республикасының азаматы Р.М-ның ісі Қазалы аудандық сотында қаралды. Бұл жайында аталмыш соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен Өзбекстан Республикасы азаматы Р.М-ға қатысты қозғалған әкімшілік іс қаралды.
Тәртіп сақшылары құжаттарын тексеру кезінде анықталғандай, Өзбекстан Республикасының азаматы Р.М. жеке мақсатпен келдім деп, келу мақсатына сай болмай, ауызша мәміле жасап, құрылыс алаңында рұқсатсыз жұмыс жасағандығы анықталды.
Сотта Өзбекстан Республикасы азаматы Р.М. өз кінәсін мойындап, рұқсатсыз жұмыс жасағандығын айтты.
Сот Өзбекстан Республикасының азаматы Р.М-ны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 /бір/ тәулік әкімшілік қамаққа алынды.