ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА 7 МЫҢ ЖАБАЙЫ ИТТІҢ КӨЗІ ЖОЙЫЛДЫ
Қызылорда қаласы аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауда нәтижелі жұмыс жасалып келеді.
Бүгінгі күнге дейін 7000-нан астам ит пен 4000-ға жуық жабайы мысықтың көзі жойылған. Сондай-ақ, сегіз жылдан бері Белкөл кентінің тұсында қала мен аталмыш кентке ортақ типтік үлгідегі 1 мал қорымы жұмыс жасап келген еді. Бұл жағдай басшылық тарапынан ескеріле отырып, ауылдық округтар мен кентке жалпы саны 9 биотермиялық шұңқыр қазылды. Сонымен қатар, тұрақты эпизоотиялық шаралар тұрақты жүргізілу нәтижесінде қала көлемінде аса қауіпті жұқпалы аурулар тіркелмеген. Ал, облыс орталығындағы сауда нысандарына келіп түскен ет өнімдерінің сапасын бақылауда аталмыш бөлімнің басты назарында. Малдардың бәрі арнайы мал сою алаңдарында сойылып, ветеринариялық анықтамаларымен тасымалданады. Сондай-ақ, мал тегі өнімдерінің міндетті түрде ветеринариялық сараптама актісімен сатылуы қатаң қадағаланады. Бұл бағытта қалада «Нұржан», «Ақ барыс», «Нұрболат» сынды 3 мал сою алаңы жұмыс жасайды.