Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАҒА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛЕДІ

 ҚЫЗЫЛОРДАҒА ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ КЕЛЕДІ

 

Бүгін Қызылорда облысына жұмыс сапарымен Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев бастаған делегация келеді, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Жұмыс сапары барысында жамбылдық делегация «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы музей экспозициясымен танысып, «Гагарин старты» алаңында, Қармақшы ауданындағы «Қорқыт ата» мемориалдық кешенінде, зиярат ету орталығында болады. Сондай-ақ Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылына ат басын бұрып, әлеуметтік-экономикалық жағдайға қанығады. Одан кейін Қызылорда қаласындағы бірқатар нысанның тыныс-тіршілігімен танысуы жоспарланған.
Кешкілік Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театрында Жамбыл және Қызылорда облыстары өнерпаздарының концерті өтеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: