ТАРТОҒАЙДАҒЫ ЕГІСТІККЕ ЖАРТЫ ҒАСЫРДАН КЕЙІН СУ БАРМАҚШЫ
Шиелі ауданындағы Тартоғай ауылындағы егістік жерлеріне жарты ғасырдан кейін аяқ суға баратын болды. Ұзақ жылдан бері шешімін таппаған мәселе осылайша оңынан шешілді.
Үстіміздегі жылғы әкімдердің халық алдандағы есеп беру шарасында ауыл тұрғындары аталмыш проблема жайында жеткізген еді. Талаптан ауылдық округіне қарасты Бәйгеқұм каналы қаншама жылдан бері тазартылмай келеді. Соның салдарынан елді мекен айналасын ыза су басып кетіп жатты. Аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев бұл мәселені облыстық су шаруашылығы мамандарының алдына қойды. "Қызылордасушаруашылығы" мекемесінің мамандары 18 сәуірден бастап каналды тазарту жұмыстарын бастады. Қазірге дейін 18 шақырымға созылған бөлігі тазарды. Каналдың айдыны ашылып, су жүру мүмкіндігі артты. Ал "Мортық" каналының 8 шақырымын тартоғайлықтар өз күшімен атқарып шықты. Алдағы күндерде ауылдағы егістік жерлерге су баратын мүмкіндік артты.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 1967 жылдан бері Тартоғайдағы егістік жерлерге су бармаған.