Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жас кәсіпкер өз ісін бастады

Әркез мемлекет тарапынан халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында әртүрлі бағыттағы бағдарламалар жүзеге асуда. Соның бірі – «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша қайтарымсыз грант бөлініп, 505000 мың теңге қаржы берілді. 
Мұндай өтеусіз қаражатқа жұмыссыз, тұрақты табысы жоқ 18-29 жас аралығындағы жігіттер мен қыздар қол жеткізді. Берекелі игілікті Әйтеке би кентінің тұрғыны Жасұлан Прімбетов те көрді. Қазір ол бөлінген ақшаға екі жабағы алып, баптауда.
– Аталған жобада оқытудың құрамдас бөліктері қамтылып, әр стартап танымал бизнес-тренердің жеке сүйемелдеуімен өтті. Осы арқылы жастар іскерлік бойынша жаңа білім мен дағдыларды меңгеріп, нәтижесінде жеке кәсіп аша алды. Оған қатысқандар бизнес ашуға алғашқы капитал ретінде грантпен қаржыландыру мүмкіндігіне ие болды. Жоба аясында іріктеуден өткен үміттілер өздерінің кәсіптерін комиссия мүшелерінің алдында қорғады.
505 мың теңге бұл тұрғындарға сәл де болсын көмек, шағын кәсіп ашуға едәуір жеңілдік болмақ. Ол үшін артылған үміт пен жауапкершілікті ұғыну керек. Себебі кез келген кәсіпкер жедел кәсібін дөңгелете алмайды. Ол үшін тынымсыз еңбектеніп, ізденіс үстінде болған абзал. Бұл жоба бойынша жас кәсіпкерлер ірі-ірі кәсіп иелерінен сабақ алып, жеке бизнес бағытында мол мағлұматқа қанықты, – дейді Жасұлан.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: