Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот жылды қорытындылады

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот жылды қорытындылады2014 жылдың 12 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмысының қорытындысы бойынша Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы А.Дауренбеков 2015 жылдың 13 қаңтарында баспасөз-конференциясын қатысуымен өткізді.
Баспасөз-конференциясында 2014 жылдың 12 айында атқарған жұмыс қорытындылары талқыға салынып, журналистерге өңір соттарының қоғамдық пікір туғызған кейбір істерді қарауының нәтижесі, сонымен қатар, жаңадан енгізілген заң туралы баяндалды.
Баспасөз-конференциясында төрағамен 2014 жылдың 12 айында алдыңғы жылмен салыстырғанда 1258 іске немесе 23,1 пайызға артық қаралғаны, бұл облыс бойынша  21302  аяқталған істердің 25,6 пайызын құрайтыны айтылды.
Сот істерінің ашықтығы мен айқындылыған қамтамасыз ету мақсатында жылдың басынан бері сот процестері 100% аудио-бейне жазба қондырғыларын қолдану арқылы жүргізілетіні, жариялықты қамтамасыз ету мақсатында, бекітілген кестеге сәйкес, әр ай сайын сотта БАҚ өкілдерінің және қала тұрғындарының қатысуымен «Ашық есік» күні шаралары өткізілетіндігі баяндалды.
Баспасөз-конференциясының соңында соттың төрағасы баспасөз ақпарат құралдарының өкілдеріне алғысын білдіріп, сот қызметі туралы ақпараттандыру, сот төрелігін жүзеге асырудың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін, азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттырып, көкейде жүрген сұрақтарына тиімді қол жеткізу мақсатында баспасөз-конференциясының өткізілгенін жеткізді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: