Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ САЛЫҚШЫЛАР КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАМЕН ҚАРҚЫНДЫ КҮРЕСІП ЖҮР

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ САЛЫҚШЫЛАР КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАМЕН ҚАРҚЫНДЫ КҮРЕСІП ЖҮР

 

2016 жылдың 8 айында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік бюджетке 59 млрд. 560 млн. теңгеге салықтар мен төлемдердің түсімін қамтамасыз етіп, жоспар 120,3 пайызға орындалған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,8 млрд.теңгеге (24,8%) өскен.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Мұстафаев баяндады.
Аталған жоспарға сәйкес, республикалық бюджеттің орындалуы 129,3 пайызды, ал жергілікті бюджеттің орындалуы 111,5 пайызды құраған. Сондай-ақ, департамент басшысы көлеңкелі экономикаға қарсы шараларға да тоқталып өтті.
Серік Мұстафаев, Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы:
- Департаментпен көлеңкелі экономикаға қарсы күрестің дұрыс ұйымдастырылғаны мен қарқынды жүргізілгендігін атап өту қажет. Осының нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 5,5 млрд. теңге көлемінде қосымша түсім түсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге жоғары көрсеткіш (2015 жылы – 3,8 млрд.теңге). Аталған оң нәтижелерге департаментпен жүйелі жұмыстардың жүргізілуі арқылы қол жеткізілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: