Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Шиеліде 300 пресс жоңышқа шөбі жанып кетті

Бүгін, 12 сағат 10 минутта Шиелі ауданы № 13 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне Шиелі кенті, Шопашев көшесі №69 үйде қора жануда деген хабарлама түсті. 
Оқиға орнына № 16 өрт сөндіру бекетіен 1 бірлік техника АЦ-5-5-40-Урал-5557 м/б kz 371/11 өрт сөндіру автокөлігімен 3 қызметкер 12:23 минутта жетті және №13 өрт сөндіру бөлімінен қосымша 1 бірлік техника АЦ-7-40-КАМАЗ-53213 өрт сөндіру автокөлігімен 5 қызметкер жұмылдырылды.
Оқиға барысында Шопашев көшесі №69 үйдің 4х6 метр болатын мал қорасы мен ауласында жиналған 300 пресс жоңышқа шөбі жанған және Шопашев көшесі №71 үйдің 4х6 метр болатын мал қорасы толығымен жанып кеткен. 
Шопашев көшесі №71 үйдің мал қорасын сөндіру барысында көлемдері 10 және 20 литр болатын сығымдалған газ баллондары шығарылды. Өрт толығымен 13 сағат 07 минутта жойылды.
Өрттен зардап шеккендер, қаза тапқандар, жарақат алғандар жоқ. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: