Құқық бұзушы Е. арақ ішкен мас күйінде қоғамдық орын саналатын «Бибінұр» базары алдында азаматша А-ға дөрекі мінез көрсетті. "Былапыт сөйлеп, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдірген" деп хабарлайды Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі.
Осылайша ұсақ бұзақылық жасаған үшін, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 330-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.
Сот отырысында құқық бұзушы әрекетін толық мойындап, жасаған әрекеттеріне өкінетінін білдірді. Сот іс-құжаттарын зерттеп, құқық бұзушының түсінігін, прокурордың әкімшілік айыппұл салу туралы пікірін тыңдады. Ж.-ның әрекетінің сипаты мен дәрежесін саралап, оған әкімшілік айыппұл салу түріндегі жаза қолдануға жатады деп есептеді. ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп тауып, 9260 теңге айыппұл салды.