Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Арақ ішкен баласы анасының мазасын алды

Арақ ішкен баласы анасының мазасын алдыҮстіміздегі жылдың 3 наурызында Қызылорда  қаласының  тұрғыны азаматша Ш.О. полиция қызметкерлеріне арызданды. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер басқармасы баспасөз қызметі жасаған мәлімдесінде айтылды.
Онда  ұлының алкогольдік ішімдік ішіп алып, мазаны алатынын айтты. Осылайша отбасы тыныштығын бұзып, күн бермейтіндігі жөнінде арызданған болатын. Арыз негізінде тұрмыстық  зорлық-зомбылық  жасаудан қорғау мақсатында азаматшаның  баласына  қатысты қорғау нұсқамасы шығарылды.
Бұл шара отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында және алкогольдік мас күйінде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 2 наурыз - 6 наурыз күндері  аралығында облыс көлемінде өткізіліп жатқан «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында белгілі болды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: