Қызылордада полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткен жігіт қамаққа алынды
12 желтоқсан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының «102» арнасына хабарлама келіп түсті.
Патрульдік полиция қызметкерлері Жалаңтөс Баһадүр көшесінің бойында Toyota Camry автокөлігі алдыңғы терезесінің сынған күйде басқарып бара жатқанын байқап автокөлікті тоқтатқан. Құқық бұзушыға заңға сәйкес әкімшілік хаттама толтыру барысында автокөлік жолаушысы қарсылық танытып, балағат сөздер айтып, полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткен.
Бұрын соттылығы бар күдікті басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.
Орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 380-бабының 3-бөлігімен (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.