Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЗАҢСЫЗ САҚТАЛҒАН ҚАРУЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛМАҚ

ЗАҢСЫЗ САҚТАЛҒАН ҚАРУЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛМАҚ2016 жылғы 15 сәуірден бастап республика аумағында тұрғындардан заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция  өткізіледі. Акцияның негізгі мақсаты – азаматтардан заңсыз сақталған қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді өтемді түрде қабылдау болып табылады.
Қазіргі таңда барлық қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдерінде азаматтар тапсырған атыс қаруының, жарылғыш заттардың, оқ-дәрілердің техникалық жай-күйі мен  оларды тапсырғаны үшін сыйақы белгілеу жөніндегі  комиссия  құрылды.   
Осыған сәйкес, облыс тұрғындарына заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтындығын ескертеміз. Сонымен қатар, азаматтарға тапсырған қаруының, жарылғыш заттардың,  оқ-дәрінің  түріне және техникалық жай-күйіне байланысты айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 10-нан 100-ге дейінгі мөлшерінде сыйақы тағайындалады.          
Ағымдағы жылдың 15 сәуірінен басталғалы жатқан акцияға республикалық бюджеттен 15 000 000 теңге көлемінде қаражат қарастырылған.
Сөз соңында, облыс тұрғындары заңсыз сақтаудағы қаруларын, оқ-дәрілерін, жарылғыш заттарды ішкі істер бөлімдеріне  өткізіп, қарумен жасалатын қылмыстардың және төтенше оқиғалардың алдын алуда өз  үлестерін қосады деген сенімдеміз.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: