Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖАҒДАЙЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖАҒДАЙЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

 

Қала әкімінің тікелей нұсқаулығымен қала аумағында қызмет көрсететін кіші және орта сыйымдылықтағы қоғамдық көліктердің жай-күйін зерделеу мақсатында рейд жүргізілуде.
Бұл жөнінде қалалық ішкі саясат бөлімі хабарлады. 
Рейдтік шараның басты мақсаты қала көлеміндегі 758 кіші және орта сыйымдылықтағы қоғамдық көліктердің халыққа қызмет көрсету сапасын көтеру. Зерделеу жұмыстарын қала әкімінің орынбасары Ш.Байманов жетекшілік жасады. Қала тұрғындарымен, жүргізушілермен кездесіп, сервистік талаптарға байланысты түсіндірме жасады.
Нәтижесінде 6, 16, 21, 12, 5-ші бағыттағы қоғамдық көліктер зерделеніп, 6 қоғамдық көлік талапқа сай келмегендіктен қала ішілік бағыттан шығарылды. Кемшіліктер қалыпқа келтірілгеннен кейін қайта қосылады. 
Айта кету керек, бұл бағыттағы рейдттік шаралар бұған дейін де 14 шілдеде ұйымдастырылып, 4 қоғамдық көлік бағытынан шығарылған еді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: