Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында құқық бұзушы Ж.А.-ға қатысты әкімшілік ісі қаралып аяқталды.
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құқық бұзушы Ж.А. өз тәрбиесіндегі кәмелет жасына толмаған балаларын қараусыз қалдырған. Балаларының сабаққа баруын қадағаламай, оларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындауды назардан тыс қалдырған. Осылайша ҚР ӘҚБтК-нің 127 бабының 1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.
Сот құқық бұзушы Ж.А.-ны ӘҚБтК-нің 127 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп тауып және оған 7 /жеті/ айлық есептік көрсеткіш көлемінде 13874 (он үш мың сегіз жүз жетпіс төрт) теңге айыппұл салды.