Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жастар арасында есірткіқұмарлық қауіпті проблемаға айналып барады

Бүгінде жастар мен жасөспірімдер арасындағы қауіпті жайттардың бірі есірткі құмарлық, оның ішінде синтетикалық есірткіге тәуелділік проблемасы болып отыр. Ағымдағы жылдың шілде айында есірткіні насихаттау және жарнамалаудың 2 дерегі анықталып, Қызылорда қаласының 20 жастағы азаматшасы ұсталды. Онымен тұрғын үй қабырғаларына салынған 110 граффити суреттер жойылды.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі  Ерлан Ахметов мәлімдеді.
Тергеу әрекеттері барысында, тамыз айында Атырау, Семей қаласының тұрғындары Қызылорда қаласында синтетикалық есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында сақтап, дайындау кезінде құрықталып, жасырып қойған нүктелелерінен салмағы 588 гр. болатын «мефедрон», «эфедрон», «PVP» түріндегі синтетикалық есірткі құралдары дәлелдеме ретінде алынды.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында синтетикалық есірткіні сақтағаны үшін 3 тұлға анықталып, ұсталды. Қазіргі таңда, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Осыған байланысты жалпы есірткі құмарлықтың алдын алу мақсатында ата-аналар мен ұстаздар оқушылардың жүріс-тұрысына және бос уақытында немен айналысатындығына аса мән беру қажет.   
Сонымен қатар, қылмыстық құқық бұзушылықтардың, жол қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол», «Түнгі қаладағы балалар», «Қару», «Тұрмыс», «Учаске», «Дәрмек», «Қарасора-2021», «Мал ұрысы», «Пәтер»профилактикалық іс-шаралары жүйелі түрде жүргізілуде.  
Айта кетсек, брифингке «Үздік жедел уәкіл» атанған Қызылорда облысы Полиция департаментінің Қазалы аудандық полиция бөлімінің криминалды полиция бөлімінің аға жедел уәкілі полиция капитаны Баймаханов Мұрат Алмасұлы да қатысты.   
Дәстүрлі түрде жыл сайын Ішкі істер министрлігінің нұсқауымен «Үздік жедел уәкіл» байқауы ұйымдастырылып келеді. Полиция капитаны Баймаханов Мұрат осы жылдың тамыз айында облыстық деңгейде өткізілген байқаудың жеңімпазы атанып, республикалық байқауға  жолдама алды. Аталмыш байқауға 17 өңірдің өкілдері қатысты. Олар атыс қаруынан оқ ату, дене шынықтыру дайындығы және күрестің жауынгерлік тәсілдері, сондай – ақ, экстремалдық жағдайдағы іс – қимыл жарамдылығы бойынша сынақтар тапсырды. Ол қатысушылардың арасынан топ жарып, «Үздік жедел уәкіл» номинациясын жеңіп, Ішкі істер министрі Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлының қолынан марапат алды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: