Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Байқоңырда ішкі туризмді дамыту мәселелері талқыланды

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы туристік фирмалардың өкілдерімен облыс аумағында және Байқоңыр қаласында ішкі туризмді дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Кездесуге Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Н. П. Адасев пен қалалық мәдениет, жастар саясаты, туризм және спорт басқармасының басшысы Е. В. Гертер қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты болып өңірімізде ішкі туризмді дамыту, ішкі туристік маршурттарды жандандыру және осы бағыттар бойынша негізгі мәселелер талқыланып, нақты міндеттер мен шаралар анықталды.
Сонымен қатар, шара аясында туристік фирма өкілдеріне «Қорқыт Сазы және Байқоңыр қаласы» туристік маршруты арқылы ақпараттық-тур ұйымдастырылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: