Бүгін Шиелі ауданында аталмыш бағдарламаның мақсаты мен міндеті туралы «Серпін-2050» республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы, «Өрлеу» АҚ-ның директорлар кеңесінің басшысы Мұрат Әбенов кездесу өткізді.
Кездесуге мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылар қатысты. Кездесуде алғашқы болып сөз алған аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев «Серпін-2050» жобасының қысқаша мазмұнын айтып өтті. Кездесу аясында атанала мен мектеп бітіруші түлектер туралы «Серпін-2050» республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы, «Өрлеу» АҚ-ның директорлар кеңесінің басшысы Мұрат Әбеновке Серпін-2050» жобасы бойынша сұрақтарын қойып, мағыналы мағлұматтар алды.
Соңғы жылдары жүзеге асырыла бастаған «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бүгінде еліміздегі ең танымал әлеуметтік бастамалардың бірі болып саналады. Қабылданғанына аз ғана уақыт өтсе де қоғам тарапынан көп қызығушылық туғызып, жастардың сапалы білім алуы мен тұрақты жұмысқа орналасуына зор мүмкіндіктер жасауда.