Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалыда полиция ұрланған көлікті бір сағатта тауып берді         

Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентінде жергілікті азамат Жанқожа батыр көшесінде тұратын танысының үйіне барып, есік алдына қойып кеткен автокөлігінің 1 сағаттан соң белгісіз біреудің айдап кеткенін байқаған. Содан дереу «102» арнасына қоңырау шалып, автокөлігінің ұрланғаны туралы хабарлама берді. 
Полиция қызметкерлері оқиға орнына келіп, дереу іздестіру жұмыстарын жүргізіп, 1 сағатқа жетпей көлікті иесіне қайтарып, күдікті азаматты ұстайды.  Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша полицейлермен тексеру жұмыстары жүргізілуде. 
Полиция қызметкерлерінің іскерлігі мен кәсібилігіне риза аудан тұрғыны  Талғат Құрманов «Танысымның үйіне барып машинаны үй алдына қойып кеттім. Содан 1 сағаттан кейін шықсам автокөлігімді белгісіз адам айдап кетіпті, содан дереу полицияға 102 арнасына телефон шалдым. Содан полиция қызметкерлері келіп, дереу іздестіру жұмыстарын жасап , 1 сағатқа жетпейтін уақытта айдап алып кеткен адамды ұстап,  автокөлігімді тауып берді. Мен Қазалы ауданының полиция қызметкерлеріне тез арада айдап алып кеткен автокөлігімді тауып бергені үшін алғысымды айтамын, еңбектерінің жемістерін көрсін, қызметтері өрлей берсін дегім келеді. Тағы да жұмыстарына сәттілік, аянбай халыққа жасап жатқан қызметтеріне мың алғыс айтамын» деген лебізін білдірді.  
Жыл басынан өңір тұрғындарынан Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының атына 20-ға жуық алғыс хаттар келіп түсті. 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: