Ақтөбелік оқушы қыздардың төбелесі түсірілген видео тарады
Әлеуметтік желілерде ақтөбелік оқушы қыздардың төбелесі түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл оқиға Ақтөбе облысы Темір ауданы Шұбаршы ауылында болған. Кадрларынан бірнеше оқушы қыздың сыныптасын ұрып-соғып жатқаны көрінеді.
Темір аудандық полиция басқармасындағылар бұл деректің тексеріліп жатқанын айтты.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, үш 9-сынып оқушысы сыныптастарын азғындық әрекеті үшін ұрып-соғып, барлығын ұялы телефон камерасына жазып алған.
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар ауданның білім беру мекемелерінде профилактикалық әңгімелер өткізді", - деді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.