Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАН 10 ЖҰМЫС БЕРУШІ ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫ

ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАН 10 ЖҰМЫС БЕРУШІ ЖАЗАҒА ТАРТЫЛДЫҚызылорда облысының прокуратурасымен азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы, оның ішінде жалақының төленуі, жұмыстан қысқартылу мәселелері, жұмысшы үшін жағымсыз болатын басқа да жағдайлардың заңдылығы ұдайы бақылануда.
Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, прокурорлық қадағалау шараларымен жыл басындағы екі айдың өзінде 18 ұйымдағы 2000-ға жуық жұмысшыларға 370 млн. теңгеден астам жалақы қарыздарының төленуіне қол жеткізілді. Еңбек заңнамасын бұзған 10 жұмыс беруші әкімшілік жазаға тартылды.
Мысалы, мониторинг жүргізу барысында «Евраскон» Евро-Азиаттық құрылыс корпорациясы» ААҚ-мен 280 жұмысшыға 22 млн. теңге жалақы қарызының қалыптасқаны анықталып, облыстық прокуратурамен енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде жұмысшыларға тиесілі 22 млн. теңге жалақылары толық төленді.   
Еңбек құқықтарының бұзылу деректері туралы прокуратураның 27-78-57 телефон нөміріне ауызша хабарлауға немесе 8-705-824-66-66 өміріне «Whats App» мобильді қосымшасы арқылы жазбаша хабарлама жолдауға мүмкіндік жасалған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: