Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қазалыда балалар жазғы демалыспен қамтылады

Қазалыда балалар жазғы демалыспен қамтыладыҚазалыда  «Қазақстан балалары – Нұрлы жолмен!»  атты мерекелік шара өтті.Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Жарылқап бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, бақытты балалық шақ тіледі. Шара барысындааудан орталығындағы мектеп, балабақша балалары, жазғы тынығу лагерінің балалары сурет салудан сайысқа түсті. 
Бүгінгі таңда, ауданда "Балапан" бағдарламасы аясында 55 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды. Олардың 19-ы мемлекеттік, 5-і жеке балабақша және 31 шағын орталық. Балабақшамен қамту 91 пайызға, оның ішінде 5-6 жас аралығындағы балаларды мектепалды даярлықпен қамту 100 пайызға жетті. Ал, 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту деңгейін алдағы уақытта 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.Осыған байланысты Аранды, Сарыбұлақ ауылдарындағы көне мектептердің орнына жаңа мектептерді салуға кірістік. Ауданның балабақшаға сұранысын қамтамасыз ету үшін облыстық бюджет есебінен (133,3 млн. теңге) Жанқожа батыр ауылында салынып жатқан 90 орындық балабақша жақында пайдалануға берілетін болады. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен Қарашеңгел, Қожабақы, Басықара, Ақсуат, Бозкөл елді мекендеріндегі 90 орындық балабақша құрылыстарының жоба сметалық құжаттары әзірленіп отыр. 
Өңіріміздегі жаңа мектептер мен балабақшалар балаларымыздың тәлім-тәрбиемін жақсы жерде  алуы  үшін  салынып  жатыр.  Олардың демалысын тиімді өткізу үшін де мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлері, «Шағала» демалыс орталығы жұмыс жасайды және республика, облыстан тыс жерлерге  оқушыларды саяхатқа шығару жоспарланып отыр. 
Биылғы жылы «Шағала» лагеріне 560 баланы демалдыру жоспарланды. Онда тұрақты түрде 13 үйірме жұмыс жасайды. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушылары үшін 36 мектеп жанынан күндізгі тынығу лагерлері ұйымдастырылады. Лагерде әлеуметтік қолдауларды қажет ететін балалар үшін тегін 2 ауысым және ақылы негізде 1 ауысым жұмыс жасап, 2800-ге жуық баланы қамту межеленуде. 
Жалпы, аудандағы мектептер бойынша 4 мыңнан аса оқушы болса, мүмкіндігінше олардың барлығы  жазғы демалыспен қамтылады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: