Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«ВАТСАП» АРҚЫЛЫ ТАНЫСЫН БАЛАҒАТТАП, КӨШЕДЕ ПЫШАҚПЕН ЖАРАҚАТТАДЫ

 «ВАТСАП» АРҚЫЛЫ ТАНЫСЫН БАЛАҒАТТАП, КӨШЕДЕ ПЫШАҚПЕН ЖАРАҚАТТАДЫҚызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. 
Соттың мәжіліс залына жиналған бұқаралық ақпарат құралдарына кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қ.Бержанов сот өндірісінде қаралған қоғамдық пікір туғызған істер жайлы, соның ішінде дене жарақатын салумен байланысты қылмыстық істерінің көбейіп бара жатқанын баяндады. 
Сол істердің біріне тоқталып өтсек, ҚР ҚК-нің 106 бабының 2 бөлігінің 7 тармағымен сотқа келіп түсіп, басты сот талқылауында мемлекеттік айыптаушы ҚПК-нің 337  бабына  сәйкес айыптауды ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігіне өзгертіп, қолдаған Т-ға қатысты қозғалған қылмыстық іс. Аталған іс Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына келіп түскен. 
Кәмелетке толмаған сотталушы Т. 2015 жылдың қараша айының 21 күні сағат 17:30 минут шамасында «Ватсап» әлеуметтік желісі арқылы өзінің  таныстары  А., Е. және жәбірленуші Б. төртеуі  сөйлесіп  отырған, содан сотталушы Т. жәбірленуші Б-ны  балағаттаған. Осы күні  кешкі сағат 20:30  шамасында сотталушы Т. таныстары Е. және А.  үшеуі  қала  орталығында, яғни, Қызылорда қаласы, Тоқмағанбетов  көшесі  мен Усербаев көшелерінің  қиылысында  орналасқан дүнгіршектің  жанында жәбірленуші Б.-мен кездесіп қалған, сол жерде сотталушы Т. жәбірленуші  Б-мен  сөзге  келіп қалып, жәбірленуші Б.-ны сотталушы Т. аяғымен  екі  рет  теуіп, жиналмалы  пышақпен  оң  қолымен сол аяғына  ұрып, жәбірленушінің денсаулығына  қасақана  «ауыр»  дәрежелі  зиян  келтірген. 
Сөйтіп, сотталушы Т. ҚР ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін жауаптылыққа тартылды.
Брифингте осындай халықтың назарын елеңдетпей қоймайтын бірнеше қылмыстық істер бойынша әңгіме өрбіді. Брифингті қорытындылаған судья Қ.Бержанов шараға қатысушы БАҚ өкілдеріне алғысын білдірді.
                                                                               
                                                                          Соттың баспасөз қызметі.
                                                            
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: