Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Қайсардың» автокөлігіне негізсіз тыйым салынғаны анықталды

«Қайсардың» автокөлігіне негізсіз тыйым салынғаны анықталдыОблыстық прокуратурамен «Қайсар футбол клубы» ЖШС-нің әкімшілік полиция басқармасының заңсыз әрекеттері туралы өтініші негізінде кәсіпкердің конституциялық құқығының қорғалуына қол жеткізілді. Бұл жөнінде облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. 
Атап айтқанда, сот актілері негізінде атқарушылық іс жүргізу борышкер «Қайсар футбол клубы» қоғамдық бірлестігіне қатысты қозғалғанына қарамастан Басқарма тарапынан мемлекеттік сот орындаушысының 29.05.2013 және 24.02.2014 жылғы мүлікке тыйым салу туралы қаулыларымен басқа заңды тұлғаға, нақтыласақ «Қайсар футбол клубы» ЖШС-нің автокөлігіне негізсіз тыйым салынғаны анықталған.
Оның салдарынан, «Қайсар футбол клубы» ЖШС-і меншігіндегі жасөспірімдерді тасымалдауға арналған автокөлігін өз қалауынша билік ету және еркін пайдалану құқығынан шектеліп, жыл көлемінде автокөлік шектеуден босатылмай, кәсіпкер әуре-сарсаңға түскен.   
Өз кезегінде, кәсіпкердің құқығына нұқсан келтірілгені тек облыстық прокуратураның араласуымен (бұған дейін ОІІД-нің басшылығына бірнеше рет арызданғанына қарамастан) анықталып, заңдылықты бұзушылықтар жойылып, кәсіпкердің конституциялық құқығы қалпына келтірілді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: