Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Пәтер алуға жәрдемдесуге уәде берген алаяқ ұсталды

9 наурыз күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші «кезектен тыс пәтер алып беремін» деген желеумен сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 1 миллион теңге көлемінде ақша қаражатын иемденген азаматшаға қатысты заңды шара қолдануын сұраған.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қала тұрғыны анықталып, ұсталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұл тартпау шарасы қолданылды.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: