Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қамыстыбаста жергілікті тұрғындар кәсіпкерлікті дамытпақ

Қызылорда облысында Кәсіпкерлікті қолдаудың Мобильді орталығының (КҚМО) аудандарға кезекті сапарында Даму Қорының кеңесшілері Арал ауданының Қамыстыбас аулында жергілікті тұрғындармен кәсіпкерліктің дамуы тақырыбында кездесу ұйымдастырды. КҚМО кеңесшісі Қуатбай Матназаров бизнеске қолдау көрсететін мемлекеттік бағдарламалар жөнінде таныстырылым өткізіп, кездесуге қатысушылардың төмен пайыздық несиені алу жолдары туралы сұрақтарына жауап берді.

 

Бүгінде Қамыстыбас - Қамбаш көлінің жағалауында орналасқан келешекте табысты бизнес жүргізуге қолайлы елдімекен болып отыр. Себебі аталған жер жыл сайын мыңдаған туристер демалуға келетін танымал орталық. Қамбаш – Қазақстандағы ең таза көлдердің бірі, әрі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автотрассаның бойында орналасқандықтан бизнес дамытуға қолайлы жағдайлар туып тұр. «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында көл жағалауына электрмен қаматамасыз ету стансасының құрылысы аяқталып, балаларды сауықтыру орталығы мен пансионаттар мен қонақ үйлер салынуда. Болашақта шетелдік сапалы қызметі мен қолайлы демалыс орнынан кем түспейтін демалыс аймағын ашу жоспарлануда. Бүгінгі таңда Қамыстыбас ауылының тұрғындарында өз бизнес-жобаларын жүзеге асыруына тиімді мүмкіндіктер беріліп отыр. Сондықтан Даму Қорының қызметкерлері болашақ дамуына зор мүмкіндік туып тұрған аймақ тұрғындарымен арнайы кездесіп, «БЖК2020» бағдарламасы аясындағы қолдаулар арқылы төмен пайыздық несие мен қайтарымсыз гранттар жөнінде егжей-тегжейлі түсіндіру жұмыстарын өткізді. 
Қамыстыбас ауылында өз бизнесін жүргізіп отырған кәсіпкердің бірі - Алдаберген Исаев. Демалыс мезгілі туғанда отбасымен бірге киіз үйінде саяхатшыларды қарсы алады. Алдабергеннің сөзінше, Қамбаш көлінің алдағы уақытта жаңарып, еліміздің саяхатшылары арасында танымал демалыс аймағына айналатынына қуанышты, әрі осының жүзеге асатынына сенім білідіріп отыр.  
Кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталығы әр ай сайын облыстың барлық аудандарын аралайды. Жыл басынан бері жылжымалы консалтингтік орталық қызметін 30-ға жуық алыс ауылдар мен округтердің  500-ден астам тұрғыны пайдаланып, кәсіпкерлікке қолдау көрсететін бағдарламалар жөнінде ақпаратқа қанықты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: