ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰБЫРЛАРЫН ЖАҢА ЖҮЙЕГЕ ҚОСУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
Қызылорда қаласындағы Байсейітова көшесі №100, 104, 104а, А. Тоқмағанбетов к-сі №23, 25, Желтоқсан к-сі №2, 4, 6 көпқабатты тұрғын үйлердің құбырларын жаңа жүйеге қосу жұмыстары жүргізіледі.
Жұмыстар мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-гі арқылы атқарылады. Осы орайда, 21 желтоқсан күнгі сағат 10:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін аталған тұрғын үйлерге ауыз су берілу уақытша тоқтатылатындығын хабарлаймыз.
Тұтынушылардан қажетті ауыз су көлемін жинақтап алуларыңызды және атқарылатын жұмыстарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.