Орталық облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Үкіметтік емес ұйымдар үшін ақпараттық-ресурстық орталықтың белсенділігін арттыру» жобасы аясында ашылды.
Ұйымдастырушылар Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы қауымдастығы. Бұрын соңды бұндай орталық Қызылордада болған жоқ. Бірақ бұл мәселені үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері бірнеше рет көтерген болатын. Бұл жерде оқу семинар-тренингтері өтеді. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда құқықтық кеңес алып, интернет ресурстарын пайдалануға болады. Орталыққа ҮЕҰ өкілдері түрлі мәселелерді талқылауға жиналмақ.
Енді «Ақпараттық-ресурстық орталық» жеке сайтын жаңартпақ. Қауымдастықтың басқа да бірлестіктердің жаңалықтары мен іс-шаралары қызықтырса http://npokyzylorda.kz/ сайтынан толық ақпарат алу мүмкіндігі туды.