Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУҒА МӘН БЕРІЛДІ


Қызылордада бағаны тұрақтандыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Осы бағытта жұмыс істейтін әлеуметтік дүкендер бар.
Әлеуметтік дүкендердің орыналасу мекен-жайы:
- "Универсам" м/а дүкенді «Сыр маржаны» шаруа қожалығына сиыр етін сату үшін;
- «Ескі базар» маңындағы дүкенді «Мөлдір және К» шаруа қожалығына өндірген жұмыртқа өнімдерін сатуға;
- Төле би көшесіндегі (ҚІІБ жанындағы) дүкенді «Тоған» шаруа қожалығына балық өнімдерін сатуға;
- Жібек жолы көшесінің бойындағы дүкенді «Жирен» шаруа қожалығына ет өнімдерін сатуға;
- «Мерей» мөлтек ауданындағы дүкенді «Green House Company Kzo» шаруа қожалығына ет, күріш және бақша өнімдерін сатуға;
- «Титов» қыстағындағы 1 дүкен мен С.Торайғыров көшесіндегі 1 дүкен «Акмар және К» ЖШС-не ет және сүт өнімдерін сатуға берілуде.
- Сонымен бірге, «Алтайбаева» жеке кәсіпкеріне берілген 2 әлеуметтік дүкендерінде де азық-түлік өнімдерінің ассортименті толық сақталып және тұрғындарға төмен бағамен қамтамасыз етілуде.
- Биылғы жылы жоспарланған 3 әлеуметтік дүкеннің бүгінгі күнге «Саяхат» шағын ауданы А.Айдосов көшесі бойынан 1 әлеуметтік дүкеннің құрылысы жүргізілуде, Наурыз шағын ауданы Б.Жөнбаев көшесінен, Махамбетов ауылы А.Найзақараев көшесі бойынан салынатын дүкендердің орналасатын жерінің құжаттары дайындалып, құрылысын жүргізу күтілуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: