Өңірде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қоры жеткілікті
Қызылорда облысында 2 мың тонналық заманауи жабдықталған көкөніс сақтау қоймасы іске қосылып, қосымша сатып алынған өнімдер осы қоймада сақталуда.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысы Сейілбек Нұрымбетов баяндады.
«Сауда орындары мен олардың қоймаларында және тұрақтандыру қорында 11 654,0 тонна әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қоры сақталып, сатылуда. Оның ішінде, «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-ның тұрақтандыру қорында 3 483,3 тонна өнім бар»,-деді сала басшысы.
Сонымен қатар, облыстар арасында жүк тасушы көліктер бірлігі қатынап, көкөніс және басқа да азық-түлік өнімдері кедергісіз тасымалдануда.
Бұдан бөлек, пияз, қырыққабат, картоп, сәбіз өнімдері отандық тауар өндірушілерден сатып алынуда.