Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫҚызылорда қаласы әкімінің 2016 жылғы 22 тамыздағы №209 өкіміне сәйкес Молдабаев Марсбек Рүстемұлы қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Марсбек Рүстемұлы, 1963 жылы 10 ақпанда, Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. 
Білімі жоғары, 1977-1981 жылдары Қызылорда политехникумын техник электрик, 1984-1989 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының Қызылорда филиалын инженер-құрылысшы, 2003-2005 жылдары Қызылорда инженерлік экономикалық институтын қаржы бакалавры мамандықтары бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1989 жылы облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық өндірістік бірлестігі құрылыс бөлімінің технадзоры қызметінен бастаған;
1992 - 1994 жылдары облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының бас маманы, аға инженері;
1994 – 2003 жылдары қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы I-ші категориялы маман, бас инженер, бастықтың орынбасары; 
2004 – 2006 жылдары қалалық тұрғын үй коммуналдық жол және көлік шаруашылық бөлімінің бастығы; 
2008 – 2011 жылдары Шиелі кентінің әкімі; 
2011 – 2013 жылдары Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы; 
2013 жылдан бастап осы кезге дейін қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: