Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Қызылордада «Қаламгерлер аллеясы» ашылды 

Бүгін қала орталығынан «Қаламгерлер аллеясы» ашылды. Бұған дейін Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев Сыр журналистерімен кездесуде айтылған ұсыныстарды қабыл алып, «Қаламгерлер аллеясын» ашуды жоспарлаған болатын. Ол орын Сырдың алыптары - Қалтай Мұхамеджанов, Әбділдә Тәжібаев және Зейнолла Шүкіровтердің ескерткіші орналасқан аумақ болып белгіленді.


Шарада қала әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов қаламгерлерді Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығымен және «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен» құттықтап, «Алыптардың ескерткіші орналасқан орда Сіздердің шығармашылықтарыңызға шабыт шақырар, рухтарыңызды асқақ етіп, болашаққа құнды мұра қалдырар орын бола бергей»,- деп жылы лебізін білдірді.
Ардагер журналистер Жолдасбек Ақсақалов және Игорь Титенок «Қаламгерлер аллеясының» салтанатты түрде лентасын қиды.
Қаламгерлер аллеясы алдағы уақытта шығармашылыққа жақын жандардың бас қосар алаңына айналып, түрлі шараларды өткізетін рухани орын болмақ.
Мұнан соң, қала әкімі өңірдің журналистерімен кездесті. Ең алдымен шаһар басшысы қаламгерлер қауымын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен және «Қаламгерлер аллеясының» ашылуымен құттықтады.
Дөңгелек үстел басындағы жүздесуде бұған дейін журналистер тарапынан көтерілген мәселелердің орындалу жайы айтылып, алдағы жоспарлар талқыланды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: