Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жаңа тұрғын үй бағдарламасы жастардың жасын 35-ке дейін ұлғайтты

 Жаңа тұрғын үй бағдарламасы жастардың жасын 35-ке дейін ұлғайттыЕнді мемлекеттік бағдарлама бойынша 35 жасқа дейінгі жас отбасылар да пәтерден үміттене алады.
Жас мөлшерін ұлғайту мәселесін Ұлттық экономика министрлігі қарастырып жатыр. Бұған дейін мемлекеттік бағдарлама бойынша, салынған пәтер жасы 29-ға толмаған жас отбасылардың арасында бөлінетін.
Осындай әділетсіздікке күйінгендер талай шағымданған. Жас мөлшерін ұлғайту туралы ұсыныс қазір Ұлттық экономика министрлігінде жан-жақты қаралуда.
Бір анығы жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша, баспананың бір шаршы метрі Астана мен Алматыда 200 мың теңге болып белгіленіп отыр. Ал облыста бұл сома 150-185 мың теңгеден аспауы тиіс. Сөйтіп жалға берілетін пәтерлердің ай сайынғы төлемі 50 мыңның көлемінде болады.
Бірақ, бұл бағдарламамен баспана алу үшін адамдар әкімдікте кезекте тұруы міндет. Сондай-ақ, жағдайы жоқ азаматтарға ипотека 30 жылға дейін берілмекші. Жаңа тұрғын үй бағдарламасы келер жылдан жүзеге асуы тиіс.
Оған алдағы үш жылда бюджеттен 180 миллиард теңге бөлінеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: