Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ДАРЫНДЫ ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН «САМҒАУ» СЫЙЛЫҒЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ


Қала әкімінің қолдауымен өткізілетін Қызылорда қаласының дарынды жастарына арналған «Самғау» жастар сыйлығына үміткерлерді қабылдау басталды. Сыйлық – өңіріміздегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын, білімге, өнерге, ғылымға, спортқа жаны құмар, азаматтық қоғамды қалыптастыруда өзіндік үлес қоса алатын жастарға биік белестерден көрінуіне ықпал жасау, одан әрі шығармашылығын шыңдау, саяси-мәдени, рухани байлығын арттыру, қолдау көрсетіп, көтермелеу мақсатында тағайындалады.
Бұл туралы бүгін брифингте қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Жанболат Досмаханов айтты.
«Самғау» сыйлығы биыл 7 мәрте ұйымдастырылғалы отыр. Қойылатын талаптары: 14 пен 29 жас аралығындағы барлық қала жастары. Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығының тағайындалуының басты қағидасы өз саласында жоғары жетістіктерге жеткен, жоғары санаттағы мамандықтарды игерген жастарға табысталады. Сонымен қатар, өз саласының және қоғамның жалпы дамуына қосқан үлесі мен инновациялық идеялары қошталады»,- деді Ж. Досмаханов.
Биыл «Самғау» сыйлығының өтуін «Қызылорда-Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырады.
«Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығы үш кезең бойынша ұйымдастырылады:бірінші кезең: үміткерлердің құжаттарын қабылдау (2018 жылғы 14 желтоқсанға дейін); екінші кезең: «Самғау» сыйлығының жеңімпаздарын анықтау (2018 жылғы 18 -19 желтоқсан); үшінші кезең: «Самғау» сыйлығының иегерлерін марапаттау.
«Самғау» сыйлығы төмендегі бағыттар бойынша қаланың дамуы мен өркендеуіне сүбелі үлес қосып белсене атсалысқан жастар үшін тағайындалады:
Қызылорда қаласы жастарына арналған қала әкімінің «Самғау» жастар сыйлығы 100 мың тенге көлеміндегі сыйақы түрінде 10 белсенді жасқа тағайындалады және бір адамға екі мәрте сонымен қатар, осы уақытқа дейін осы сыйлықты алған жастарға қайта берілмейді»,-деді «Қызылорда-Ақиқат Айнасы» ЖҚБ төрағасы Уалихан Тұрарбекұлы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: