Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

34 ЖАСТАҒЫ БАТЫР АНА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

34 ЖАСТАҒЫ БАТЫР АНА ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІӘ.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында«Ана деп көркем жыр төккен, Армысың, ару, нұр-көктем» атты мерекелік кеш өтті.
Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесін Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Н.А. Мырзамұратова құттықтап, мерекелік лебізін білдірді.
Мерекелік кешке 34 жастағы «Батыр Ана» Гүлбану Жеткербаева құрметті қонақ ретінде арнайы шақырылды. Сонымен қатар Қазақ гуманитарлық заң және техникалық, М.Ықсанов атындағы политехникалық және «Өркениет» медициналық колледждерінің өнерлі жастары қатысып өз өнерлерін көрсетті. Шара соңында «Әйел отбасында шуақ, қоғамда тірек» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: