Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

"Вирус табылмады": Желіде бір-бірін құшақтап жылаған әйелдердің видеосы тарады


Теңіз кеніші вахта қалашығында COVID-19 инфекциясы анықталған адамның әріптестерінен коронавирус табылмады. Желіде қуаныштан жылап жіберген әйел адамдардың видеосы тарады деп хабарлайды
KAZ.NUR.KZ порталы Ақ жайық басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, бейнежазбадағы нәзік жандылар вахта қалашығында вирус жұқтырған әріптесімен байланыста болған. Барлығы тексеруден өтіп, сынама теріс нәтиже көрсеткен. Видео кадрынан қуанышты хабарды естіген әйел адамдардың бір-бірін құшақтап, жылап жүргені анық байқалады. Облыс әкімдігі жанынан құрылған төтенше жағдай режимін сақтау штабы бұл видеоға қатысты пікір білдірді. "Әйелдер төтенше жағдай және карантинге байланысты қабылданған санитарлық талапты бұзып, оқшаулау орнынан шығып, медицина қызметкерлерінің талабына бағынбаған", - деді ведомство.

Еске сала кетсек, соңғы дерек бойынша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 802-ге жетті. Олардың 45-і Атырау обылсында тіркелген.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: