Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚАЗАЛЫДА САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ҚАЗАЛЫДА САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІЕл Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау шеңберінде аудандық мәдениет орталығында Наурыз мерекесін тойлауға арналған салт-дәстүрлер байқауы өтті.
Басты мақсат - жастарды ұлттың рухта тәрбиелеу, ұлтымыздың салт-дәстүрлерін насихаттау, қадірлеп, ұстана білуге үйрету. 
«Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі мен аудандық орталықтандырылған аурухана ұжымының бірлесіп ұйымдастырған байқауына 6 үміткер қатысты. Байқауда қазылар алдына қазақ халқының мәдениеті ұсынылды. 
Тартысты өткен сайыстың қорытындысы бойынша жедел жәрдем станциясының фельдшері Фариза Қонысқызы жеңімпаз атанды. І орынды Орталық аурухана дәрігері Ақмарал Арзиева мен орталық емхана мейірбикесі Күләш Қартабаева өзара бөліссе, ІІ орын Жалаңтөс ауылдық емханасының мейірбикесі Жұлдызай Убайдуллаеваға бұйырды. Ал ІІІ орынды Жетес би емханасының мейірбикесі Гүлжан Сағымбай мен Болат жолы емханасының мейірбикесі Гүлмира Қожбанова иеленді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: