Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Мал сатып алуға кеткен қызылордалықтан екі айдан бері хабар жоқ

Қызылорда қаласының 45 жастағы тұрғыны екі айдан бері хабарсыз кетті. Ол ақпан айында мал сатып сатып алу мақсатында Ақтөбе облысына жолға шыққан.
Қызылорда қаласының 45 жастағы тұрғыны Нысанбаев Ұлықбек Тұрмағанбетұлы биылғы жылдың 23 ақпанында үйінен Ақтөбе облысының Ырғыз ауданына мал сатып алу мақсатында жолға шыққан. Содан бері үйіне қайта оралмаған. 
«Ұлықбек Тұрмаганбетұлының қайта оралмауына байланысты Қызылорда қалалық Полиция басқармасы іздеу салады.  Оның бойы 1,65-1,70 см, толық денелі, шашы ақ-қара қысқа. Үстіне көк түсті куртка, көк түсті классикалық шалбар киген, басында кара түсті кепкасы бар, аяғында қара түсті етік. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз. Тел: 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуларыңызды сұраймыз», -  деп жазылған Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: