26 қазан күні (сәрсенбіде) сағат 11:00-де Қызылордада электрондық коммерцияны дамытуға арналған бірінші халықаралық интернет-форум өтеді. Форум e-commerce саласындағы қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен G-Global коммуникативтік алаңында өтеді.
Шараны Қызылорда облысының әкімдігі «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Ұйымдастырушылар e-commerce элементтері арасындағы нақты өзара байланысты дамытуға ықпал етуді, сондай-ақ, логистикалық тізбекті оңтайландыру, маркетингтік технологияларды ілгерілету және онлайн-сауда компанияларының табыстылығын арттыруды мақсат етіп отыр.
Сонымен қатар, форумда электрондық коммерцияны дамыту арқылы отандық тауар өндірушілерге қолдау жасау, онлайн-сауда жүргізудегі электрондық ақшаның рөлі, көлеңкелі экономиканы азайту, т.б. мәселелер көтерілетін болады.
Онлайн-көрсетілім G-Global коммуникативтік алаңында және Facebook әлеуметтік желісінде жүргізіледі.
Өткізілетін күні: 26 қазан (сәрсенбі) сағат 11.00
Өтетін орны: Қызылорда облысы әкімдігінің Ситуациялық Орталығы.
БАҚ өкілдерін аккредитациялау үшін байланыстар:
Ұялы байланыс: 87015600965, 87012270010
Электронды пошта: uvs.kzorda@gmail.com
Facebook бойынша қосылу үшін сілтеме: https://www.facebook.com/qyzylorda.press/