Сырдария ауданы бойынша 2021 жылдың 1 қыркүйегіне 2640 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелді.
Оның ішінде, 148 шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары, 1092 жеке кәсіпкерлер, 1400 шаруа және фермер қожалықтары.
Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2465 болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 115 пайызға артқан. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелгендерге үлесі 93,4 пайызды құрап отыр.