Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕР ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРІ БАС ҚОСТЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕР ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕРІ БАС ҚОСТЫҚызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында аймақтың кәсіпкер қыз-келіншектерінің басын қосқан Іскер әйелдер кеңесінің отырысы өтті. Палата директорының орынбасары Бақытжан Әбиев кеңестің маңыздылығына тоқтала отырып, қазіргі «экономиканың ерекше кезеңінде» бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Мұнан өзге, кеңес отырысында 2016 жылдың мақсат-міндеттері талқыланып, кеңес құрамы толықтырылды.
Айта кету керек, облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы – аймаққа белгілі бизнес-тренер, кәсіпкер Жанна Аманова. 
Іскер әйелдер кеңесінің мақсат-міндеті:
-өз ісін жаңа бастаушы қыз-келіншектерге қолдау көрсету;
-аймақтың іскер, әлеуметтік-белсенді әйелдерінің мәртебесін көтеру; 
-қыз-келіншектердің кәсіпкерлік саласына қатысты бастамаларына қолдау көрсете отырып, экономикалық мүмкіндіктерін арттыру.
Кеңес өз жұмысын төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
-өңірдің ерекшелігін ескере отырып, қыз-келіншектерді оқыту;
-перспективалық бизнес-идеяларға, жобаларға қолдау көрсету;
-еліміздегі шағын және орта бизнесті қаржыландыру жүйесіне қатысты ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру;
-өз ісін бастаушы қыз-келіншектерге ақпараттық, әдістемелік, кеңесшілік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету;
-мониторинг жүргізе отырып, өзекті мәселелерді анықтау және оның шешілу жолдарын іздеу;
-білікті, тәжірибелі кәсіпкер қыз-келіншектермен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру т.б.
Қызылорда облысының
 кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: